Қазақстандық палуандарға Әлем чемпионатында медаль бұйырмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық палуандарға Әлем чемпионатында медаль бұйырмай тұр

07.08.2014
Қазақстандық палуандарға Әлем чемпионатында медаль бұйырмай тұр

Загребте өтіп жатқан күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында грек-рим күресінен ел намысын қорғап жатқан палуандардың барлығы жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды confederation.kz сайты.

Турнирдің бірінші күнінде Қанағат Ақылбек қола медаль үшін күресте армениялық Славик Галстяннан жеңіліп қалған болатын. Ал, екінші жарыс күнінде де біздің палуандар жүлдеге таласа алған жоқ.

55 келі. Мейрамбек Айнағұлов – Даниэль Кочар (Словения) – 9:0, Бехруз Малеки (Иран) – 0:2

66 келі. Абылайхан Әмзеев – Шого Такахаши (Жапония) – 0:1

84 келі. Санжар Бағашар – Егор Ясковец (Беларусь) – 2:6

120 келі. Салауат Ахметқалиев – Арата Сонода (Жапония) – 1:9

 

Хабарламаларға жазылу