Астанада 29-31-тамыз аралығында Олимпиаданың (WTF) Дүниежүзілік Гран-При сериясы бойынша халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды astana.kz.
Осы уақыт аралығында елорда таэквандоның астанасына айналады. Қалаға әлемнің ең танымал спортшылары келеді деп күтілуде.
Дүниежүзілік Гран-При сериясы турнирінде ең жоғары ұпай жинап, әлемдік рейтингке ие болған таэквандошылар қатыса алады. Жарыста 30 елден 288-ден аса спортшы бақ сынамақ.