Елордада Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр

03.05.2022

Елордада даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық жарыс өтіп жатыр. Тәжікстан, Иран мен Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан жалпы 5 мемлекеттен келген жастар мен жасөспірімдер грек-рим күресі бойынша мықтыны анықтауда. Байрақты бәсекені «Қазспорт» арнасы спорт сүйер қауымға тікелей эфирде ұсынып жатыр. Жарыс 3 күнге созылады. Спортшылар бозкілемде 10 салмақ бойынша белдесуге түседі. Өйткені турнир «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының талаптарына сай ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға арнайы диплом, медаль және қомақты қаражат бұйырады. 

Хабарламаларға жазылу