Шымкентте 52 ауланы абаттандыру және 24 балаларға арналған ойын алаңының құрылысы үшін 340 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шымкентте 52 ауланы абаттандыру және 24 балаларға арналған ойын алаңының құрылысы үшін 339 миллион теңге бөлінді»., - делінген хабарламада.
Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Мелдебековтің айтуынша, барлық жұмыс тамыз айында аяқталады.
Бұдан басқа, облыс орталығының парктері мен саяжайларында 6 жаттығу алаңын жасау көзделуде. Ал «Отырар»., «Нұрсат». шағын аудандарында қоқысқа арналған 26 контейнер алаңы орнатылады.