«Жасыл ел» жастар жасағы жаңа еңбек маусымын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жасыл ел» жастар жасағы жаңа еңбек маусымын бастады

06.05.2016
«Жасыл ел» жастар жасағы жаңа еңбек маусымын бастады
Қазақстанның барлық облысы, Астана және Алматы қаласынан келген белсенді жастар Шымкентте бас қосып, атқарылар жұмыс жайын талқылады. Олар енді жаз бойына 25 мың түп ағаш егуді көздеп отыр.

Ауыл-аймақты көгалдандыру және абаттандыру жұмысына биыл қазынадан 400 миллион теңге қаржы бөлінді. Еңбек жасағының мүшелері орта есеппен 40 мың теңге көлемінде жалақы алады.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу