Бүгін Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов «Astana English School»-ға барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов «Astana English School»-ға барады

01.09.2015
Бүгін Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов «Astana English School»-ға барады

Бүгін Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов дарынды балаларға арналған астаналық жаңа № 81 гимназия - «Astana English School»-ға барады.

Естеріңізге сала кетейік, 1200 орынға арналған № 81 «Astana English School»  гимназиясы  мектеп оқушыларына өз есігін алғаш рет ашқалы отыр.

Мектептің жалпы ауданы - 11765,60 ш.м., барлығы 54 кабинет, оның 2 – мультимедиялық, акт залы, кітапхана, ағаш пен металл және матаны өңдеу шеберханалары. Оқыту тілі: қазақша және ағылшынша.  

2015 жылы бірінші сыныпқа шамамен 340 мыңға жуық қазақстандық бүлдіршіндер  барады. Олардың әрқайсысы,  өздерінің алғашқы оқу жылында Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан естелік сыйлық ретінде  - «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітабын алады.      
Салтанатты шараның соңында  Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов пен министрлік  қызметкерлері жаңа гимназияның жұмысымен танысады.

Сондай-ақ, қонақтар 5 сынып оқушыларының ағылшын тілінде өтетін интерактивті сабағына, 7 сыныпқа арналған ағылшын тілінде өтетін: «Қазақстан жолы: 5 реформа және 100 қадам» тақырыбындағы сынып сағатына, 6 сыныпқа арналған ағылшын тілінде өтетін биология сабағына және «EXPO-2017 – болашаққа сенімді қадам» тақырыбындағы ағылшын тілі сабағына қатысады.

Бұдан соң Аслан Сәрінжіпов «Astana English School»-дың педагогикалық ұжымымен кездесу өткізеді.

Хабарламаларға жазылу