Қазастандық теннисші Евгений Королев германияның Вецларе қаласында өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.
Евгений Королев финалдық кездесуде корт иесі Юлиан Ленцті үш сетте – 6:0, 0:6, 6:3 есебімен жеңді.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші финалға дейін Хассан Бассел (Мысыр), Мориц Бауманн (Германия), Ян Чоински (Германия) және Симоне Ваньоцциді жеңді.