Қазақта реалистік кинорежиссураның тұңғыш жолын салған Мәжит Бегалиннің бала күнінен мазасын алып келе жатқан бір арманы бар еді. Ол – Шоқан образын сомдау болатын.
Ұлы адамның бейнесін экранда көрсету парыз ғана емес, қазақ халқы үшін зор мақтаныш, үлкен жеңіс болатын. Өзіне қойылған осы жауапкершілікті жақсы түсінген Мәжит Бегалин күн демей, түн демей ізденді.
Оған М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, әкесі де көмекке келді. Режиссер Шоқан образын шығаруға бақандай он жыл уақытын сарп етті.
Нұрмұхан Жантөрин ойнаған Шоқан образының нанымды шыққаны соншалық, жұртшылық актерды Шоқанның өзі екен деп қабылдады. Бұл – сөз жоқ, актердің де, қоюшы-режиссердің де зор табысы еді.
Бүгін ерекше құлшыныс пен зор еңбектің арқасында дүниеге келген «Шоқан Уәлиханов» туындысын Ұлттық арнадан сағат 00.50-де тамашалай аласыздар.