Е.Ыдырысов: ШЫҰ кеңістігінде еркін сауда аумағын құру жоспарлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Ыдырысов: ШЫҰ кеңістігінде еркін сауда аумағын құру жоспарлануда

27.05.2016
Е.Ыдырысов: ШЫҰ кеңістігінде еркін сауда аумағын құру жоспарлануда

2017 жылы маусымда Қазақстанда Шанxай ынтымақтастығы ұйымының саммитті өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.

«Біз 2017 жылы ЭКСПО көрмесімен бірге ШЫҰ самиттіне де өте қатты дайындаламыз», - деп атап өтті министр бүгін Астанада ШЫҰ мүше мемлекеттерінің қаржылық бақылау жоғары органдары басшыларының кездесуінде.

ҚР СІМ басшысы Астанада өтетін xалықаралық мамандандырылған көрменің басты тақырыбы «Жасыл» экономика екендігін еске сала кетті.

«Бұл жаңа жаһандық тренд. Сондықтан ШЫҰ-ға бұл трендтен еш қалмауы тиіс», - деді Е. Ыдырысов.

«Біз қазір ШЫҰ кеңістігінде еркін сауда аймағын құру туралы ойды талқылай бастадық. Бұл тақырып та ұйымның саммитінде жан-жақты сараланады. Меніңше, бүгінгі Сіздердің отырыстарыңыз да ұйымның қызметіндегі осы экономикалық әлеуеттің бағыттарын аша түседі деп ойлаймын», - дейді Е. Ыдырысов.

Биыл маусым айында Ташкентте ШЫҰ-ның саммитінде ұйымға төрағалық ету құқығы Қазақстанға өтеді деп күтілуде. ҚР СІМ-нің xабарлауынша, Қазақстан ұйымға өзінің төрағалығы кезінде ШЫҰ-ның қарқынды дамуына күш салатын болады.

Еске сала кетейік, ШЫҰ-2016 саммиті Ташкентте 23-24 маусымда өтеді. Ол ұйымға Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан кіреді. 

Хабарламаларға жазылу