Қазақстандық ескек есушілер Әлем чемпионатына дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ескек есушілер Әлем чемпионатына дайын

31.07.2014
Қазақстандық ескек есушілер Әлем чемпионатына дайын

Тамыз айының басында Ресей астанасы Мәскеу қаласында ескек есудің байдарка және каноэ түрі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Бұл додаға қазақстандық спортшылар да қатысады, деп хабарлайды sk-sport.kz.

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Андрей Шантаров құрамадағы спортшылардың көңіл-күйі жақсы, алдымызда тұрғанын тапсырманың барлығын жақсы біледі, дейді.

«Дайындық ойдағыдай өтті. Жиынды Беларусь елінің Мозырь қаласындағы негізгі базада өткіздік. Қорытынды жаттығуды Брест қаласындағы ағынсыз суда өтті. Барлық тапсырманы спортшылар көңілдегідей орындап шықты. Шәкірттеріме көңілім тоқ. Ауа-райы бізге қолайлы болды. Ешкім сырқаттанып қалған жоқ», - дейіді Андрей Шантаров.

Естеріңізге сала кетйік, байдарка мен каноэден Әлем чемпионаты тамыз айының 6-10 аралығында Мәскеу қаласында өтеді.

Хабарламаларға жазылу