Аргентина үкіметі Халықаралық валюта қорынан 50 млрд. доллар көмек сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентина үкіметі Халықаралық валюта қорынан 50 млрд. доллар көмек сұрады

30.08.2018

Аргентина үкіметі күтпеген жерден  Халықаралық валюта қорынан 50 миллиард доллар заем сұрады. Өйткені, бұл мемлекеттің ұлттық ақшасы тағы 6 пайызға құнсызданып, жыл басынан бері доллардың қасында 43 жарым пайызға әлсіреп отыр.

Девальвацияны тоқтату үшін орталық банк екі күннен бері резервтегі долларды сатып жатыр. Сондықтан, елдің валюталық қоры таусылуға жақын.

Аргентина – Латын Америкасының үшінші экономикасы. Бірақ, ол қазір соңғы онжылдықтағы ең ауыр қаржылық дағдарысты бастан кешіп жатыр. Ал, 2002 жылы бұл мемлекет дефолтқа ұшырап, миллиондаған адам кедейшілікке душар болған еді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу