Жарты жылда жол апатынан 1 мыңнан аса адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарты жылда жол апатынан 1 мыңнан аса адам қайтыс болды

30.07.2014
Жарты  жылда  жол  апатынан  1  мыңнан  аса  адам  қайтыс  болды

ҚР  Бас  прокуратурасы  Құқықтық  статистика  және  арнайы  есепке  алу   комитетінің   мәліметі  бойынша,  2014  жылдың  алты  айында  жол-көлік  оқиғаларынан  бір  мыңнан  аса  адам  қайтыс  болып,  10  мыңнан  астамы  жарақат  алды.

Жол-көлік  оқиғасында  қаза  болғандардың  ең  көп  саны  Алматы - 198 (206), Оңтүстік Қазақстан - 159 (200), Жамбыл - 90 (113), Шығыс Қазақстан - 71 (66), облыстарында  және Алматы қаласында - 60 (63) тіркелді.

2014  жылдың  6  айдын  қорытындысы  бойынша  жол-көлік  оқиғаларын  және  одан  зардап шеккен  адамдарды  есепке  алу  мәліметтеріне  сәйкес,  республика  бойынша  барлығы  8608  жол-көлік  оқиғасы  тіркелген,  деп  хабарлайды  ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу