Астанаға әлемнің түрлі елінен 40 кардиохирург келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға әлемнің түрлі елінен 40 кардиохирург келеді

30.07.2014
Астанаға әлемнің түрлі елінен 40 кардиохирург келеді

29-30 тамыз күндері Астанада кардиохирургтардың ІІІ Ұлттық конгресі өтеді. Екі күндік шарада кардиохирургия саласындағы ғылымның озық жетістіктері кеңінен талқыланып, тәжірибе алмасып, пікір таластыруға мүмкіндік мол болмақ. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, әлемнің түрлі елінің кардиохирургтарының басын қосатын шарада ғылымның озық жетістіктерін ортаға салып, халықаралық қарым-қатынасты нығайтуға жол ашылады. Бұл туралы astana.kz сайтына

Әлемнің жетекші кардиохирургтары ересектер мен балалар кардиохирургиясы, аритмология, мейірбике ісі бойынша шеберлік дәрістерін өткізеді. Әсіресе, жүректің ишемиялық ауруы хирургиясы, жүрек трансплантациясы, жүрек ырғағы бұзылуының хирургиялық емделуі, балалар мен ересектердегі туа біткен күрделі жүрек ақауын емдеудегі ілгерілеуге, гибридті технологиялардың дамуы мен заманауи кардиохирургияның басқа да көкейтесті сұрақтарына көңіл бөлінеді.

Конгресс жыл сайын өткізілгенімен, биыл Кардиоторакалды хирургтардың бүкіләлемдік қауымдастығы (WSCTS), АҚШ-тың Чикаго университеті және Назарбаев университетінің ынтымақтасуымен алғаш рет өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу