Силикагельдің пайдасы зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Силикагельдің пайдасы зор

14.11.2015
Силикагельдің пайдасы зор

Жаңадан сөмке, аяқ киім немесе тұрмыстық техниканы сатып алған болсаңыз, қаптама ішінен түйіршіктелген силикагельдермен толтырылған кішкентай қағазқапшықтарды байқайсыз. Көпшілік бұл затты қажетсіз деп ойлап, лақтырып тастайды. Алайда, тастамау керек.

Силикагель заттарды су болып қалудан қорғайды. Оның түйіршіктері ылғалды тез сіңіріп алады.

Ұялы телефоныңыз суға түсіп кеткен жағдайда, силикагель - таптырмас құрал. Ол үшін құрылғыны өшіріп, аккумулятор мен SIM-картасын алып тастап, силикагель толтырылған ыдысқа салып қойсаңыз болғаны.

Егер шұғыл түрде су киімді бүктеп, жолға жиналсаңыз, міндетті түрде арасына силикагельді салып жіберіңіз. Сонда ешқандай иіс шықпайды.

Фотоаппараттың линзалары ауа температурасы төмендеген кезде бірден булана бастайтыны белгілі. Бұл сәтте де бірнеше қағазқапшыққа салынған силикагельді фотопаппарат қабына салып қойсаңыз, пайдасы зор. 

Хабарламаларға жазылу