Америкалық студент оқу ақысын төлеу үшін Обаманың хатын саудаға қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық студент оқу ақысын төлеу үшін Обаманың хатын саудаға қойды

30.07.2014
Америкалық студент оқу ақысын төлеу үшін Обаманың хатын саудаға қойды

Джесси Грейнджер атты америкалық студент оқу ақысын төлеу үшін АҚШ президенті Барак Обаманың хатын саудаға қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2011 жылы Грейнджер өзінің өмірі туралы Барак Обамаға хат жазған. Студенттің сөзіне қарағанда,  өгей анасы 13 жасында қаза тауып, жетім қалған.  

«17-ге толғанда бірнеше оқулық пен анамның інжілі, өзімнің киімім бар сөмкені алып, сапарға шықтым. Бұл сапар менің өмірімді күрт өзгертіп жіберді. Сізден арманымды жүзеке асыру үшін көмектесуіңізді сұраймын», - деп хат жазған Грейнджер Обамаға.

Президент Грейнджерге бұл хаты үшін алғысын айтқан. «Менің саған берер басты кеңесім – оқуыңды тәмамда. Сені мақтан тұтамын!», деп жауап жазған Обама.

Жасөспірімді Оңтүстік Каролинадағы отбасы қамқорлыққа алып, сол кісілердің арқасында колледжді тәмамдаған. Алайда, Грейнджерге университтегі оқу ақысын төлеу үшін 10 мың доллар қажет болып отыр.

Енді ол 3 жыл бұрын жазылған президенттің хатын оқу ақысын төлеу үшін  9,5 мың долларға сатпақ.

Хабарламаларға жазылу