Америкалық басылым бір күнге ақылы оқу жүйесіне көшпекші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық басылым бір күнге ақылы оқу жүйесіне көшпекші

19.01.2014
Америкалық басылым бір күнге ақылы оқу жүйесіне көшпекші
Америкалық «The Chicago Sun-Times» басылымының сайты  бір күнге барлық жарияланған материалдарын ақылы оқу жүйесіне көшірмекші.
 
«Mashable» интернет-басылымының  хабарлауынша, материалды оқу ақысын электронды криптовалюта - биткоин (Bitcoin ағылшын тіліндегі «bit» - ақпарат бірлігі,  coin — «монета») арқылы төлеуді енгізеді.
 
Төлеу жүйесі 1 ақпанда suntimes.com сайтында жарияланады. Жиналған биткоиндар «Taproot Foundation» қайырымдылық қорына аударылатын болады.
 
Газет редакторы Джим Кирк қайырымдылық акциясы ғаламтор пайдаланушыларының назарын аударады, деген үмітте.
 
«Біз ақылы оқу жүйесіне көшкен ең ірі америкалық басылым атанған сәтімізді асыға күтеміз», дейді ол.
 
Айта кетейік,  «The Chicago Sun-Times» таралымы бойынша АҚШ-та 9-шы орында. 

Хабарламаларға жазылу