Түркістанда үш жүздей студент оқудан шығып қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда үш жүздей студент оқудан шығып қалуы мүмкін

06.09.2014
Түркістанда үш жүздей студент оқудан шығып қалуы мүмкін

Түркістандағы халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде шу шықты. Оқу ордасының 300-ге жуық студенті оқу ақысын төлегенімен, сабақты одан әрі жалғастыруға мүмкіндігі болмай отыр. Оқу ордасының басшылығы студенттерді курстан-курсқа өтуге рұқсат етпеуде.

Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің студенті Жазира Шәкірханова білім алғаны үшін жыл сайын оқу ақысын ұстаздарға төлеп келіпті. Яғни, талап бойынша  тиісті төлемдерді кассаға емес, университет қызметкерлеріне  төлеу керектігі талап етіліп келген. Өзге студенттердің ақшасы да дәл осылай жиналып отырған.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу