Тікелей эфирде – «Ақтөбе» мен «Стяуа» ойыны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікелей эфирде – «Ақтөбе» мен «Стяуа» ойыны

30.07.2014
Тікелей эфирде – «Ақтөбе» мен «Стяуа» ойыны

Бүгін қазақстандық «Ақтөбе» клубы Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өз алаңында өткізеді. «Ақтөбе» бухарестік «Стяуа» клубын қабылдайды.

Матч Астана уақытымен 21:00-де басталады. Ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Қарымта кездесу келесі аптада Бухарест қаласында өтеді.

Айта кетейік, «Ақтөбе» екінші іріктеу кезеңінде тбилисилік «Динамо» клубын екі ойын қорытындысы бойынша 4:0 есебімен ұтты. Ал, «Стяуа» бұл кезеңде Норвегияның «Стремсгодсет» командасынан басым түсті.

Хабарламаларға жазылу