Ақтауда 2014 жылдың басынан бері 3259 жаңа жұмыс орны ашылған. Өндіріс саласы бойынша - 225, сауда - 1238, көлік және байланыс - 8, білім мен денсаулық сақтау - 5, құрылыс пен коммуникация - 113, басқа салалар бойынша 1670 жұмыс орындары ашылған, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Сонымен қатар, 11 әлеуметтік жұмыс және жастар тәжірибесі аясында ашылған орынның саны – 59.
Ал, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 138 жұмыс орны беріліп, олардың 5-еуі бірінші бағыт бойынша, 73-і үшінші бағыт бойынша, ал 73 әлеуметтік жұмыс орындары болса, 60 орын жастар тәжірибесі аясында ашылып отыр.