Алматы экономикасы 5,8 трлн теңгеге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы экономикасы 5,8 трлн теңгеге жетті

08.12.2021

Алматыдағы жоғары оқу орындарының 800 студенті ІТ салаға тартылды. Осылайша жастар бір жағынан шыңдалып, екінші жағынан қаланы цифрландыруға ат салыспақ. Сондай-ақ қаладағы 8 ауданға бір-бір университет бекітілген. Бүгін шаһар басшысы есеп берді. Бақытжан Сағынтаев алдымен экономаикалық жағдайға тоқталды.

Пандемия ауыртпалығынан Алматы аман шықты. Қаланың қалпына келу қарқыны қатты. Жыл басынан бері экономикасы 5,5%-ға өсіп, 6 трлн теңгеге жуықтады. Мегаполис қаржы тартуда да қажырлы. Инвестиция 870 млрд теңгеден асты. Жуырда 4 жаңа жоба іске қосылып, 519 жұмыс орны ашылады. Бұл кәсіпкерлік саласын есепке алмағандағы көрсеткіш.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

Жыл басынан бері шағын бизнесті несиелеу 1,4 есеге өсіп, 55 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бүгінгі күні қаладағы жұмыссыздық 5,1% - ды құрайды. Үшінші тоқсанда орташа жалақы 20%-ға өсіп, 283,7 мың теңгені құрады.

Қалада көпсалалы жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу орталығының құрылысы басталды. Тағы 3 емхана, 9 отбасылық-дәрігерлік амбулатория мен 2 модульдік КТ-орталығының құрылысы да жүріп жатыр. Ал, жедел жәрдем жұмысы жүйеленген. Бригадалар саны екі есе артып, көлік тұрағы 70% жаңартылды.

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

Қаланың денсаулық сақтау жүйесі тұрақты және жаңа жағдайларға дайын. Қазіргі таңда денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуы 91%. Ал, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері 100% жабдықталған.

Алдағы уақытта қаланы ақпараттық жүйе арқылы қарап отыруға мүмкіндік тумақ. Яғни, айналаның цифрлық көшірмесін жасау үшін еуропалық даму банкінің техникалық грантына қол жеткен. Нәтижесінде инфрақұрылым, құрылыс сияқты басты мәселер бақылауда болады. Әкім негізі мегапоисте ІТ саласының әлеуеті зор,-деді. Сондықтан жылына 500 млн ІТ өнімді экспорттауды мұрат етіп отыр.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу