Анарбек Қарашев СІМ жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анарбек Қарашев СІМ жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

29.07.2014
Анарбек Қарашев СІМ жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Біздің анықтама:

Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев 1965 жылы 25 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), Германия Федеративтік Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы дипломатиялық курсты бітірген.

IІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл. Қазақстан Республикасының  Франкфурт-на-Майне қаласындағы (ГФР) Бас консулы қызметін атқарған.  2008 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Словакия  Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған.

Хабарламаларға жазылу