
2013 жылғы қарашада Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Кенжаевтың азаматтық іс бойынша жағымды шешім шығару үшін кәсіпкерден 750 мың теңге көлемінде пара алу фактісін анықтаған.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2013 жылдың 12 қарашасында бұл факт бойынша Қаржы полициясы агенттігінің жедел-іздестіру материалдарының негізінде ҚР Бас прокуроры қылмыстық іс қозғалған еді.
Ал ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Астана қаласы Алматы аудандық соты Кенжаевты пара алуға кінәлі деп тауып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
