Тәжікстан өз әлеуметтік желісін іске қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжікстан өз әлеуметтік желісін іске қосты

25.07.2014
Тәжікстан өз әлеуметтік желісін іске қосты

Тәжікстанның өз әлеуметтік желісі жарыққа шықты. Енді ол odnoklassniki.ru сайтына бәсекелес болады. Бұл ресейлік әлеуметтік желі 18 шілдеден бастап тәжік жерінде жұмыс істеуін жартылай тоқтатқан.

Vipnet.tj деп аталатын жаңа әлеуметтік жүйенің негізін салушы Ганижон Саломзода журналисттерге бұл сайтты пайдаланушыларға экстримистік мазмұндағы материалдар жариялап, балағат сөздер жазуға болмайтынын хабарлаған.

Осыған қоса сайтта «тәжік дәстүріне», «ислам заңдарына» қайшы және «авторлық құқықты бұзатын» материалдар, бейнебаяндар, суреттер жариялауға болмайды.

Хабарламаларға жазылу