Алматыда Елбасы атынан ауызашар берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Елбасы атынан ауызашар берілді

24.07.2014
Алматыда Елбасы атынан ауызашар берілді

Алматы қаласында Қабылдау үйінде Елбасы атынан зиялы қауым, БАҚ өкілдері мен діндарларға ауызашар берілді. 

Игі шараға қала әкімі Ахметжан Есімов пен Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет қатысып, жиналғандарды Рамазан айымен құттықтады.

 «Отыз күн Ораза - тәрбие мектебі, адамның сабырын шыңдайтын, адалдық пен адамгершілікке, мейірімділік пен қайырымдылыққа жетелейтін құлшылық. Аллаға шүкір, халқымыздың дархан мінез, кеңпейіл ниетінің арқасында еліміздегі ұлттар мен ұлыстар ынтымақта өмір сүруде. Бүгінде мешіттерімізде өткізіліп жатқан ауызашарлар, қайырымдылық акциялары ағайынның арасын жақындата түсетін, ұлт өкілдерін бірлікке бастайтын игі шараға айналды. Алла Тағала ұстаған Оразамыз бен қасиетті айдағы дұға-тілектерімізді қабыл еткей», деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Қоғам қайраткерлерінің басын  біріктірген ауызашар дастарханында ғибратты терме-толғаулар орындалып, Отанды сүюге, туған жерді қадірлеуге үндейтін әндер шырқалды.

ҚМДБ Жалпы және жастар бөлімнің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы жиналған жамағатқа уағыз айтып, ізгілікке шақырды.

muftyat.kz

Хабарламаларға жазылу