Нұр-Сұлтанда ораза ұстағандарға ауызашар қоржындары таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда ораза ұстағандарға ауызашар қоржындары таратылды

16.04.2021

Қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан жандарға ауызашар қоржындары таратылып жатыр. Мешіт қызметкерлері мен еріктілер оны әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың үйіне апарып беруде. Бұл пандемия кезінде, ауызашар беріп, сауапқа кенелудің тың тәсілі дейді имамдар. Айтуларынша шараға кез-келген қайырымды жан қол ұшын соза алады. Ал ауызашар қоржындары разаман айының соңына дейін үлестірілмек. 

Ерболат Жүсіпов, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы:
Әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар бар. Олар біздің мешіттен өздеріне тиесілі көмекті уақытылы алып тұрады. Біз биыл сол тізім бойынша әрбір жанұяларға хабарласып, ораза ұстағандарға жеткізіп жатырмыз. Ал егер арасында ораза ұстағандар болмаса, біз басқа қайырымдылық акциясымен көмектесеміз деп жоспарлап отырмыз. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу