Ақордада ауызашар берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақордада ауызашар берілді

23.04.2022

Президент Рамазан айында арнайы дастарқан жайып, ауызашар берді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым алдында сөйлеген сөзінде бұл игі дәстүрдің халықты береке-бірлікке шақыратынын атап өтті.

Мемлекет басшысы жастарға дұрыс бағыт-бағдар берілуі керек екенін, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу, отаншыл жастар ғана келешектің иесі болатынына да тоқталды. Ол ислам дінінің өркениет құндылықтарын, бейбітшілік ұғымдарын насихаттайтынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Жақын арада Конституциямызды өзгертетін болдық. Бірақ, ең алдымен, жұртымыздың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Бұл – оңай шаруа емес. Алдымызда көптеген түйткілдер бар, сондықтан бәріміз жұмыла еңбек етуіміз керек. Ең бастысы, ниетіміз таза, пейіліміз түзу болуға тиіс. Бір-бірімізге жанашырлық танытуымыз керек. Қазір бүкіл адамзатқа дәл осындай қасиеттер жетіспей жатыр.

Хабарламаларға жазылу