Қазақстандық Едіге Емберді ауыр атлеттер арасында әлем рекордын жаңартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық Едіге Емберді ауыр атлеттер арасында әлем рекордын жаңартты

15.06.2022

Қазақстандық ауыр атлеттер әлем біріншілігінде топ жарды. Мексикада өтіп жатқан жастар арасындағы турнирде 73 келіде бақ сынаған Едіге Емберді өз салмағында әлем рекордын жаңартты. Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы хабарлады. Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 306 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алды. Оның алдында 67 келі салмақта Ерасыл Сәулебеков пен 81 келідегі Денис Полубояринов алтын еншілеген болатын.

Хабарламаларға жазылу