Роттердамда әлемдегі ең үлкен кеме салынады. «Pieter Schelte» кемесінің иесі және құрастырушысы «Allseas» компаниясы мен Роттердам портының әкімшілігі тиісті келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Көлік стратегиясының орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Порт әкімшілігінің хабарлауынша, «Pieter Schelte» осы жылдың соңында Роттердамға әкелінуі тиіс. Соңғы құрастыру жұмыстары Маасвлакте ішкі су қоймасында жүзеге аспақ.
«Pieter Schelte» кемесінің ұзындығы 382 метр, ені 124 метрді құрайды. Кеменің жоғары бөлігі 48 мың тонна болса, тіректері 25 мың тоннаға дейінгі жүкті көтере алады екен.