Түркиялық оқушылар әлемдегі ең үлкен мектеп-кемеде біліп алып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиялық оқушылар әлемдегі ең үлкен мектеп-кемеде біліп алып жүр

02.02.2024

«Мектеп кеме – білім теңіз» деген әдемі мақал бар. Ал енді Түркияда шын мәнінде теңізде жүзетін мектеп кеме бар. Жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Хатай облысына қарасты Искендерун қаласында балалардың үздіксіз білім алуы үшін әлемдегі ең үлкен кемелердің бірі орта мектепке айналдырылды. Ерекше мектеп туралы Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлының материалында.

Айдос Әшімұлы, тілші:

Біз тұрған сынып жәй сынып емес, бұл әлемдегі ең үлкен жүзетін мектептің сыныбы. Бұл кеме мектеп Түркияның Искендерун қаласында орналасқан. Былтырғы жер сілкінісінде қалада мектептердің көбі қирап оқуға жарамсыз күйге түсті. Осыдан кейін қала билігі әлемдегі ең үлкен жүк тасушы кемелердің бірін мектеп етіп қайта жабдықтады. Қазір бұл жерде 500 бала білім алып жатыр.Тілші: Қазір каникул мезгілі болғандықтан мектепте оқушылар жоқ. Ал кеменің ішінде мектепке қажетті барлығы бар. Бұл жердел жақын маңдағы ауылдардан келетін балалардың жатуына да мүмкіндік жасалған.

Оғыз Шахин, Кеменің басшысы:

Бұл кеме негізінде Англия мен Ирландия арасында жүретін кеме болған. Біздің компания жер сілкінісінен кейін осы кемені сатып алып, бір ай ішінде оны мектепке лайықтап жасап шықты. Бұл жерде мектепке қажетті барлық нәрсе бар. Интерактив тақталар, кітапхана, спортзал сияқты балаға керектің бәрін жасадық.

Кеменің орталық палубасы асхана, кинотеатр және оқушылардың сабақтан тыс уақытта демалатын орыны ретінде қайта жарақталыпты. Бұл жерде жату дА білім алу да тегін.

Зейнеп Шахин, мектептің үйлестіру жөніндегі орынбасары:

Балалар кәдімгі орта мектептегідей білім алады. Емтихандар тапсырады. Яғни кеменің ішіндеміз демесек, барлығы қарапайым мектептердегідей. Таңертең келіп, түске дейін оқып үйлеріне қайтады. Бұдан бөлек біз жер сілкінісі кезінде ата анасынан, жақындарынан айрылған балаларға күн сайын психологиялық көмек те көрсетеміз.

Мектеп-кеме Қара теңіздің Искендерун қаласындағы жағалауында тұр. Ашық теңізге шықпайды тек осы жағалауда ғана тұрады. Балалардың контейнер қалашықта емес осындай әдемі мектеп-кемеде оқып жатқандарына ата аналары да мұғалімдері де қуанышты.


Айдос Әшімұлы 

Хабарламаларға жазылу