«Отбасым – тірегім, Отаным – жүрегім» атты ақындар айтысын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Отбасым – тірегім, Отаным – жүрегім» атты ақындар айтысын көріңіз

12.07.2014
«Отбасым – тірегім, Отаным – жүрегім» атты ақындар айтысын көріңіз

Тараз қаласында Жамбыл облысының 75 жылдық және «Нұр Отан» партиясының 15 жылдық мерей тойына орай, «Отбасым – тірегім, Отаным – жүрегім» атты республикалық ақындар айтысы өткен.

Бұл айтыстың мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезім қалыптастырып, олардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін ашу.

Жамбыл жерінің атын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен, ұрпағына өнеге, үлгі болған батыр бабалардың қайсар рухы мен асқақ айбынын есте қалдыру.

Суырып салма, өткір тілді Балғынбек Имашев, Нұрмат Мансұров, Анар Жаппарқұлова, Рүстем Қайыртайұлы, Жақсылық Орынбасар, Қайнар Алагөзов, Асхат Қылышбек, Біржан Байтуов, Айым Көшербай, Әсет Дүйсебаевтар қатысқан аламан айтыстың бірінші бөлімін бүгін 13.40-та тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу