Бала күтушіңіз қандай адам? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала күтушіңіз қандай адам?

10.07.2014
Бала күтушіңіз қандай адам?

Бала бағушыны таңдау – бұл кейбіреулер үшін өте қиын. Бала бағушы – бұл жай ғана қызметкер емес. Шындығында, ол жарық дүниедегі ең қымбат сәбиіңізді сеніп тапсыратын мүлде бөтен адам.

Сол себепті барлық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, сіздің де, балаңыздың да көңілінен шыға алатын адамды іздестірген жөн.

Бала бағу – өте жауапты іс десек, бала күтушіге қойылар талап жоғары болуы керек. Еуропа мемлекеттерінде бала бағу арнайы алты, сегіз айлық курстармен оқытылады.

Яғни, бұл іске арнайы маман дайындалады. Тіпті оқу барысында емтиханнан өтпей қалатындары да кездеседі. Талап жоғары. Ал бізде қалай?

Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуы осы сұраққа жауап іздеп көрмек.

 

Хабарламаларға жазылу