«Қазақавтожол» РМК облыстық филиалдары республикалық маңызы бар жолдарды жазғы реттеу жұмыстарына кірісті.
Қазіргі таңда барлық филиалдарда жол белгілерін, бағаналарын орнату, сырлау, жол бойының тазалығын қадағалау, жол бойындағы демалыс орындарын жөндеу жұмыстары атқарылуда.
Бүгінге дейін 971369 шаршы метр жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 8328 дана жол белгісі, 1119 дана жол бойындағы шақырымдық көрсеткіш белгісі және 13182 белгі беретін бағана орнатылды, деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі.