Астанада жол жөндеу жұмыстары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

11.06.2015
Астанада жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Астана қаласында жаз маусымында автожолдар мен көшелерді жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Тиісті жұмыстар аясында жол белгілері жаңартылып, жол жиектері абаттандырылады.

Астана қаласы Жолаушылар көлігі жәге автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, осы жылдың шілде-қыркүйек айларында елорданың 15 учаскесінде жол жөндеу жұмыстары қолға алынбақ. Жақын арада жөндеу жұмыстары Жаңақоныс, Д. Бабатайұлы, Н. Тілендиев көшелерінде жүргізіледі.

Шілде айының ортасында Бейбітшілік көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі аралықтағы жол жөнделетін болады. Астана қаласы бойынша жол жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.

Жол жөндеу кезінде көлік жүргізушілерінің назарына арнайы жол белгілері қойылатын болады.

Хабарламаларға жазылу