Нидерланд – Аргентина матчы түрік төрешісіне тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерланд – Аргентина матчы түрік төрешісіне тапсырылды

08.07.2014
Нидерланд – Аргентина матчы түрік төрешісіне тапсырылды

ФИФА футболдан Әлем чемпионатының екінші жартылай финалындағы Нидерланд пен Аргентина матчына арбитрлар бригадасын тағайындады. Сан-Паулу қаласында өтетін ойынға түрік Жүнейт Чакыр төрелік етеді.

37 жастағы рефери бұл мундиальда Бразилия – Мексика және Алжир – Ресей матчтарында қызмет атқарды.

Айта кетейік, Нидерланд – Аргентина матчты 9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Астана уақытымен 02:00 басталады. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу