Аргентина Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

06.07.2014
Аргентина Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Аргентина құрамасы Бельгияны жеңіп, Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

1/4 финалда өткен кездесудегі жалғыз голдын авторы - Гонсало Игуаин. Ол өз командасын ойынның сегізінші минутында алға шығарды. Осыдан кейін бельгиялықтар есепті теңестіруге бар күштерін салса да, нәтижеге жете алған жоқ.

Аргентиналықтардың жартылай финалдағы қарсыласы Нидерланды - Коста-Рика кездесуінде анықталады. 

 

Хабарламаларға жазылу