Ресей радиосы эфирінен «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» радиоциклі беріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей радиосы эфирінен «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» радиоциклі беріле бастады

04.07.2014
Ресей радиосы эфирінен «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» радиоциклі беріле бастады

Ресейдің «Радио «Россия» эфирінде 30 маусымнан бастап «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты жаңа радиохабар беріле бастады. Бұл - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы және «Радио «Россияның» бірлескен жобасы.

Ресейлік радио эфирінен беріліп жатқан  25 сериялық радиоциклда Қазақстан көшбасшысының өмір жолы қарастырылған. Оның тұлғасы Қазақстанның XX-XXI ғасырлар тоғысындағы тарихқа шолу ретінде берілген. Радиоциклдың негізіне алынған Нұрсұлтан Назарбаев туралы өмірбаяндық кітаптың авторы - Қазақстан Республикасы Президент кеңсесінің басшысы, саясат ғылымдарының докторы, профессор Махмұд Қасымбеков. 

Радиоцикл «Радио «Россияның» эфирінде бес апта бойы дүйсенбі-жұма аралығында Мәскеу уақыты бойынша 18:30-да беріліп отырады. Мәтінін оқитын КСРО Халық әртісі Василий Лановой. Қазақстандық тыңдармандар оны www.radiorus.ru. порталынан таба алады.

Хабарламаларға жазылу