Президент индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары туралы Үкімет есебін тыңдауға арналған кеңеске қатысуда. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Кеңес барысында Мемлекет басшысы: «ЖІӨ аясында өндірілген өнім көлемі 2010 жылғы 11,3 пайыздан 2013 жылы 10,9 пайызға дейін төмендеген. Біз заманауи технологиялар мен инновацияларға негізделген индустриалды жобаларды жүзеге асыра алмадық»,-деді.