Мәжілісте 64 заң жобасы мақұлданды, 51-і қаралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте 64 заң жобасы мақұлданды, 51-і қаралып жатыр

21.05.2022

Референдумның және Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңызын елге түсіндіру үшін депутаттар өңірлерде күн сайын 250 іс-шара өткізген. Президент қабылдауында болған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді.

Еңбек ұжымдарында, әлеуметтік нысандар мен шалғай елді мекендерде тұрғындармен ашық пікір алмасулар өтті.

Жалпы сессия басталғалы 64 заң жобасы мақұлданды. 51-і қаралып жатыр.

Мұнан бөлек Ерлан Қошанов Үкімет пен Есеп комитетінің былтырғы республикалық бюджеттің жұмсалуы жөніндегі есебін қоғамдық тыңдауға әзірлеу барысы туралы айтты.

Президентке су ресурстары бойынша парламенттік тыңдаулар өткізуге дайындық барысы да баяндалды. 

Хабарламаларға жазылу