28-30 маусым аралығында Қазақстанның солтүстік және батыс облыстарында жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығы.
«Солтүстік және батыс облыстарда атмосфералық фронттардың әсерінен жауын болады, ал температура +23, +30º шамасында болады, ол климаттық нормаларға жақын» , - деп хабарлады метеорологтар.
Сондай-ақ, 28-30 маусым аралығындағы демалыс күндерінде еліміздің оңтүстік және оңтүстік шығысында ауа-райы бұрынғыдай ыстық болады. Күндізгі температура +32, +39, тіпті кей жерлерде +40, +43 градусқа дейін жоғарылайды. Республиканың орталығында және шығысында өткінші жаңбыр күтілсе де, күндізгі температура +30, +37º-ге, дейін, кей жерлерде +40º-қа, дейін көтеріледі.