28 шілдеде республиканың кейбір аймақтарында аптап ыстық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 шілдеде республиканың кейбір аймақтарында аптап ыстық болады

28.07.2015
28 шілдеде республиканың кейбір аймақтарында аптап ыстық болады

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ұйтқыған жел көтеріледі.  Солтүстікте және шығыста кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, Қазақстанның қалған аумақтарында күн райы ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Қарағанды облыстарында кей жерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендердің көпшілігінде су бетінің құбылуы байқалады, Алматы облысының тау өзендерінде су ағыны ұлғаяды. 

Хабарламаларға жазылу