«Астана жұлдызы» Ұлттық музыка бәйгесі жүлдесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана жұлдызы» Ұлттық музыка бәйгесі жүлдесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді

29.06.2015
«Астана жұлдызы» Ұлттық музыка бәйгесі жүлдесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді

30 маусым күні Астанадағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана жұлдызы» Ұлттық музыка бәйгесі үшінші музыка жүлдесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

«Астана жұлдызы-2015» Ұлттық музыка бәйгесі 4 шілде күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтпек. Айта кету керек, шараны «AdamMediaGroup» ұйымдастырып отыр.

Баспасөз мәслихатына Астана қаласы Мәдениет басқармасының жетекшісі Болат Мажағұлов, музыка продюсері Ринат Гайсин, әнші Қарақат және «AdamMediaGroup»-тың бас директоры, продюсер Динара Адам қатысады.

 «Астана жұлдызы-2015» Ұлттық музыка бәйгесі байқауының үміткерлері мен аталымдары:

  1. Жігіттер арасындағы үздік орындаушы –

Үміткерлер: Айқын Төлепберген, Әли Оқапов, Дастан Оразбеков

  1. Қыздар арасындағы үздік орындаушы –

Үміткерлер: Дильназ Ахмадиева, Жанар Дұғалова, Қарақат Әбілдина

  1. Үздік жігіттер тобы –

Үміткерлер: «Rin’GO», «Жігіттер», «Орда»

  1. Үздік қыздар тобы –

Үміткерлер: «Assyl», «Lashyn», «KeshYOU»

  1. Үздік дуэт –

Үміткерлер: «Арнау», Бүркіт – Аиша, «Нұр-Мұқасан»

  1. Жаңа тыныс –

Үміткерлер: Sanda, Жанель Ынтықбаева, Мархаба Сәбиева

  1. Жыл әні –

Үміткерлер: «Rin’GO» – «Көкбөрілер жыры», Әли Оқапов – «Биле», Жанар Дұғалова – «Ізін көрем»

  1. Үздік композитор –

Үміткерлер: Арман Дүйсенов, Ғалымбек Исмбергенов,  Қайрат Баекенов

  1. Үздік мәтін авторы –

Үміткерлер: Алексей Маклай, Қалқаман Сарин, Ринат Зайытов

  1. Үздік өңдеуші –

Үміткерлер: Павел Ли, Ринат Әубәкіров, Ықылас Нығметов

  1. Үздік клипмейкер –

Үміткерлер: Валерий Задарновский, Ернар Нұрғалиев, Жеңісхан Төре

  1. Үздік жеке концерт –

Үміткерлер: Мейрамбек Беспаев – «Құс қанат ғұмыр», Нұрлан Абдуллин – «Семь нот моей жизни», Сәкен Майғазиев – «Асыл ана».

Хабарламаларға жазылу