Таразда ауа температурасы 43 градусқа дейін көтерілуі ықтимал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда ауа температурасы 43 градусқа дейін көтерілуі ықтимал

26.06.2014
Таразда ауа температурасы 43 градусқа дейін көтерілуі ықтимал
Жамбыл облысында күннің күрт ысуына байланысты жұртшылыққа ескерту жасалды, деп хабарлады өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.
 
«Қазгидромет» РММ жасаған ескертуге сәйкес, 2014 жылдың 27-28 маусым күндері күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде ауа температурасы +43°С көтерілуі мүмкін», - делінген таратылған хабарламада.
 
Жамбыл облыстық ТЖД барлық деңгейдегі әкімдіктерге, ММ және ТЖ қызметтерінің басшыларына тиісті шараларды қолға алу туралы телефонограмма жолдады.
 
Облыстық телеарналарда ескерту жайлы хабарландырулар таратылуда.
ҚазАқпарат

 

 
 

Хабарламаларға жазылу