«Таңшолпан». Алдағы аптада ауа райы қандай болады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Алдағы аптада ауа райы қандай болады? (ВИДЕО)

26.09.2017

Қысқа мерзімді ауа райын болжау басқармасының жетекші инженері Мөлдір Есқалиева студия қонағы болып, алдағы ауа райына қатысты сұрақтарға жауап берді.

«Ауа температурасы өткен аптада климаттық нормадан -3-10 градусқа төмен байқалды. Алдағы болжамдар бойынша да  ауа температурасының жоғарлауын күтпейміз.

Сондай-ақ, қар жауы ықтимал. Алдағы аптада Қазақстанның барлық өңірлерінде минус болады. Аптаның соңында тек  оңтүстікте +8 +13 градусқа дейін күн жылиды. Бірақ солтүстік өңірлерден қалың тұман күтпейміз.

Жақында Қазақстанның шығыс өңірлерінде қар жауды. Қыркүйектің 28-інде қайтадан қар жауу ықтимал. Яғни, күз өз күшіне толығымен енді. Жауын-шашын жауып, соңы қарға ұласады.

Алдағы ауа райына келсек, солтүстікте құбылмалы, түнде минус температурасы сақталады. Күндіз +5 +10 градусқа дейін жылы болуы мүмкін. Ал Батыста ауа температурасы ауытқиды. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді, тіпті үсік жүреді. Бірақ апта соңында қайта жылынады.

«100 жылдан бері болмаған ең суық қыс болады» деген ақпаратқа 15 қазан айында жауап бере аламыз. Өйткені, жылдың қысқы мезгіліне қазан айында болжам жасаймыз.  Әзірге қыс әдеттегідей болады деп болжап отырмыз», - дейді маман.

Хабарламаларға жазылу