«Шахтер» қатарын Ян Масло толықтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шахтер» қатарын Ян Масло толықтырды

26.06.2014
«Шахтер» қатарын Ян Масло толықтырды
Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының қатары словакиялық қорғаушы Ян Масломен толықты. 28 жастағы қорғаушы «Ружомберок» клубының түлегі.
 
Ян Масло туған клубында 2005 жылдан бастап доп тепкен, кейін Словакия жастар құрамасының қатарына қабылданған.
 
2011 жылы ұлттық құрамаға үміткер атанады. Сол жылы украиналық «Волынь» клубына ауысады. Украина премьер-лигасындағы ең үздік ойыншылардың бірі саналды.
 
Ян Масло «Волынь» клубын елдегі саяси жағдайдың тұрақсыздығына байланысты қалдыруы мүмкін. Сонымен қатар, Луцк қаласының клубының қаржы дағдарысына ұшырауы да ойыншының командадан кетуіне ықпал еткен.
 
Қарағандылық «Шахтердің» жаңа легионері қорғаныста өз орнын алады. Бұған дейін, хабарланғандай «Шахтер» қорғаушылары Никола Василевич пен Евгений Тарасов жарақатына байланысты бұл маусымда алаңға шыға алмайды.

Хабарламаларға жазылу