Отан қорғаушы күнін ерекше күтетіндердің бірі – ақтөбелік Боранбаевтар отбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отан қорғаушы күнін ерекше күтетіндердің бірі – ақтөбелік Боранбаевтар отбасы

07.05.2016
Отан қорғаушы күнін ерекше күтетіндердің бірі – ақтөбелік Боранбаевтар отбасы
Соғыс ардагері Сейдолла Боранбаевтың үш баласы мен үш немересі және бір шөбересі әке жолын қуып, қарулы күштер қатарын толықтырды.

Виталий Боранбаев жиырма жылдан астам ішкі әскерде қызмет етіп келеді. Ол бірінші және екінші дәрежелі «Қайсар» орденінің иегері. Бұл марапаттар оған жол апатын жасап, қашып бара жатқан жүргізушіні және түрмеден бой тасалаған тұтқындарды ұстағаны үшін берілген.

Ақтөбе қаласындағы 66∕55 әскери бөлімінде жас сарбаздарды қызметтік тәртіп пен отансүйгіштікке баулып жүрген ол, бұл мамандықты кездейсоқ таңдамағанын айтады.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу