Батыс Қазақстан облысында фермерлерге сауда орындары тегін берілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында фермерлерге сауда орындары тегін берілуде

03.02.2015
Батыс Қазақстан облысында фермерлерге сауда орындары тегін берілуде

Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалықтарына ет өнімдерін өндіру және оны өткізу үшін тиімді жағдай жасалуда.

Фермерлерден жалдық ақыны талап етпейтін «Ел ырысы» базарының қатарын «Қалау» сауда нысаны толықтырды.

Жабық базардың жалпы аумағы - 700 шаршы метр.

Жергілікті атқарушы билік пен кәсіпкер арасындағы келісімнің негізінде тауар өндірушілер  өнімін еш кедергісіз сатуға шығара алады.

Бұл - делдалсыз сауданы дамыту үшін жасалып отырған шара.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу