Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді

24.06.2014
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді.
 
Елбасы жұмыс сапары аясында Өскемен технологиялық жабдықтар зауытында болды.
 
Зауытты аралау барысында Мемлекет басшысына облыста жүзеге асырылып жатқан Индустрияландыру картасының жобалары көрсетілді.
 
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев технологиялық жабдықтар өндіретін жаңа зауыт құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Сапар барысында Елбасы өңірдегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, жұртшылықпен кездесу өткізеді, деп жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу