Индира Бектенова - «Қазақстан» аруы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индира Бектенова - «Қазақстан» аруы»

21.06.2014
Индира Бектенова  - «Қазақстан» аруы»
«Қазақстан» РТРК» АҚ kaztrk.kz порталының корпорацияға қарасты телеарналардың қызметкерлері арасында журналистер мерекесіне орай ұйымдастырған «Қазақстан» аруы» байқауында Индира Бектенова(26 392 дауыс) жеңіске жетті. Байқау шарты бойынша жеңімпаз портал оқырмандарының дауыс беруі арқылы анықталды.
 
Сондай-ақ, сайыстың екінші кезеңіне өткен «Таңшолпан» ақпараттық-сазды бағдарламасының жүргізушісі Назерке Нұртас - 16 295 дауыс, «Сенбілік таң» бағдарламасының жүргізушісі Гүлмира Дайрабай - 6 216 дауыс, «Таңшолпан» ақпараттық-сазды бағдарламасының жүргізушісі Маржан Болатханқызы - 1 109 дауыс, «Әйел бақыты» бағдарламасының жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы - 882 дауыс және «Өзекжарды» бағдарламасының жүргізушісі  Жайнагүл Төлеміс - 543 дауыс  жинады.
 
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан» аруы» байқауына Ұлттық арнаның 12 тележүргізушісі қатысқан еді.  Олардың ең көп дауыс жинаған алтауы сайыстың екінші кезеңіне өтті.
 
Байқаудың бірінші кезеңіне күндізгі «Жаңалықтар» жүргізушісі - Айзада Жиентаева, «Жан жылуы» бағдарламасының жүргізушісі - Ақбаян Сапарбаева, күндізгі «Жаңалықтар» жүргізушісі - Ақмарал Төлеубек, кешкі «Жаңалықтар» жүргізушісі - Гүлнәз Әлімгерей, «Таңшолпан» ақпараттық-сазды бағдарламасының жүргізушісі Ирина Тен, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының  жүргізушісі - Жанар Байсемізова қатысты.
 
«Қазақстан» аруы» байқауы дәстүрлі түрде жыл сайын журналистер мерекесі қарсаңында өткізілмек.

Хабарламаларға жазылу