Кәсіпкерлер палатасы елордалық шағын және орта кәсіп иелеріне сервистік қызмет көрсетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер палатасы елордалық шағын және орта кәсіп иелеріне сервистік қызмет көрсетуде

21.07.2015
Кәсіпкерлер палатасы елордалық шағын және орта кәсіп иелеріне сервистік қызмет көрсетуде

Бүгіннен бастап Астана қалалық кәсіпкерлер палатасы Елордалық шағын және орта кәсіп иелеріне сервистік қызмет көрсетуді бастады.

«Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы аясында өткен жылы астаналық 1750 кәсіпкерге 2 246 қызмет көрсетілген. Нәтижесінде, 100 бизнес-жоспар мен 100 -ден аса ғаламтор сайттары жасалып, 57 түрлі тақырыптағы шеберлік сабағына 650 тыңдарман қатысқан.

Сонымен қатар, 6 ай ішінде елордалық кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу және тендер бойынша 120 мыңнан астам қаражат ұтып алған.

Биыл 2060 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетілмек.

 

Айбар ЖАҚСЫБАЕВ

Хабарламаларға жазылу