500-ден астам кәсіпкер бизнеске қатысты тегін кеңес алды

17.09.2014
500-ден астам кәсіпкер бизнеске қатысты тегін кеңес алды

500-ден астам алматылық кәсіпкер бизнесті жүргізу бойынша тегін кеңес алды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры  Артур Котеневтың айтуынша, биыл мамыр айында Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы 29 компаниядан 47 өтініш қабылдап, шағын және орта бизнес субъектілеріне тегін қызмет көрсету бойынша 7 сервистік компанияны іріктеп алды.

Келісімді құрғаннан бастап 1 қыркүйекке дейін 561 кәсіпкерге тегін қызмет көрсетіліп, жоспарланған көрсеткіштің 51 пайызына қол жеткізілді. Айта кетерлігі, сервистік компания жұмысын Өңірлік палата республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейтін болады.

Жоба аясында биыл маусым айынан бастап Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталықтары базасында «бір терезе» қағидасы бойынша сервистік қызмет көрсетіледі. Барлық қызметтер қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.  

Хабарламаларға жазылу